Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы «Ордабасыға» қарсы ойында «Қайсардың» қорғаушысы Әділет Кеңесбек бұлшық етінен жарақат алды.
Дамир Марат Қазақстан құрамасына шақырту алды
Фото: Sports.kz
89
оқылды

FIFA Series 2026 турнирі аясындағы алдағы матчтар қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында өзгерістер болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы «Ордабасыға» қарсы ойында «Қайсардың» қорғаушысы Әділет Кеңесбек бұлшық етінен жарақат алды. 

Футбол федерациясы мәліметінше, құрама сапына келгеннен кейін футболшы медициналық тексерістен өтті. Тексеру нәтижесіне сәйкес, Әділет алдағы ойындарға қатыса алмайды.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған ойыншының орнына «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Дамир Маратты шақыру туралы шешім қабылдады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.