Әнші Шахаризат Сейдахмет «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол кейінгі кезде сахнаға шықпай кетуінің себебін ашып айтты. Айтуынша, құмар ойынға тәуелді болып, ұзақ уақыт бойы ем қабылдаған.
«Бір жыл бойы сахнаға шықпай кеттім. Оның себебі сауығумен айналыстым. Психологиялық дертке шалдықтым. «Шахаризат қайда, неге жоғалып кетті?» деген сұрақтарды көп естимін. Ол өзін жоғалтып алды. Білікті мамандардың көмегіне жүгініп, жабық мекемеде жеті ай ем алып, өзімді енді таптым», – деді әнші.
Әнші ең алдымен құмар ойынға тәуелді болғанын анасына барып, мойындағанын айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.