Бір сағат 5 минутқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Еліміздің 1-ракеткасы Елена Рыбакина Майами турнирінің ширек финалына өтті
94
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемдік рейтингіде 68-орындағы аустралиялық, 21 жастағы Талия Гибсонмен алаңға шықты. Бұл екі спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. Майами додасының барысында Т.Гибсон ТОП-20-ға кіретін жапониялық Наоми Осака мен америкалық Ива Йовичті ұтып, сенсация жасады. 

Бірінші партияда Елена қос брейкке қол жеткізіп, екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Рыбакина тағы да брейкпен алға шықты. Тағы бір брейк — 5:2. Ақыры матчты эйспен түйіндеді — 6:2. Бір сағат 5 минутқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Гибсон 1 эйс жасағанымен, 1 брейк-пойнтты пайдалана алмады. 

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен таласады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 36-сатыдағы румыниялық Жаклин Кристианды жолдан тайдырды — 6:4, 6:1.  Естеріңізде болса, Е.Рыбакина бұған дейін Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс жарысының ширек финалында Д. Пегуланы 6:1, 7:6 (7:4) есебімен жеңген.