Өнер иесі әріптесін еске алып, кешірім сұрады.
«Жаның жәннатта болсын, досым, кешір...»: Бағлан Әбдірайымов жантебірентер жазба жариялады
216
оқылды

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм әріптесі Нәби Аймұратов туралы жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әріптесін еске алып, кешірім сұрады.

«Өмір деген осы екен. Сен кеткенде жыладық. Қимай, ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдік. Әніңді естісек көңіліміз босап кететін. Қызылордаға барсақ, үйіңе соғып, ата-анаңа сәлем беріп, Құран бағыштап қайтатын едік. Достарың көп еді. Өзің жұлдыз едің, жарық едің. Бірақ уақыт бәрін өз ағысымен алып кетті. Бәрі де артта қалды. Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді. Өмір өтіп жатыр. Жаның жәннатта болсын, досым. Кешір бізді... Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір», - деп жазған ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.