ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы 24 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қарағанды облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970 — 1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы);
Павлодар облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135 — 1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті).
Жолды 2026 жылы 25 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.