Қанат Ислам 1984 жылы дүниеге келген.
Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ашық дереккөз
160
оқылды

Қанат Ислам бокстан Қазақстан ерлер U19 құрамасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қанат Ислам 1984 жылы дүниеге келген. Кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы.

Әуесқой бокста Қытай командасының сапында Бейжің Олимпиадасының, әлем чемпионатының және Азия Ойындарының қола жүлдегері.

2010 жылдан бастап Қазақстан азаматы. “Астана Арландары” кәсіпқой клубы сапында өнер көрсеткен. Кәсіпқой бокста 30 жекпе жек өткізіп, оның 22-сінде нокаутпен жеңіске жеткен.

Қанат Ислам бұдан былай отандық бокста жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижені жақсартуға үлес қоспақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.