Әлеуметтік желілерде тараған оқиға орнынан түсірілген видео көпті алаңдатты.
«Жол талғамайтын көлік аударылып түскен»: Алматыда тағы жол апаты болды
182
оқылды

Алматы қаласында Дулати көшесінде, мешіт маңында жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде тараған оқиға орнынан түсірілген видео көпті алаңдатты.

Жол апаты 24 наурыз күні күннің екінші жартысында болған. Кадрлардан оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі мен патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын көруге болады.

Соқтығыс салдарынан жол талғамайтын көлік аударылып, кейін қайтадан дөңгелегіне тұрғызылған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.