Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған деректі растады.
Атыраудағы түрмеде болған жанжал адам өліміне әкелді
192
оқылды

Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталушылар арасында болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 22 наурыз күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, сөз таласы төбелеске ұласып, соның салдарынан сотталушылардың бірі көз жұмған.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған деректі растады.

«22 наурызда Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталушылар арасында болған төбелес нәтижесінде олардың бірі қайтыс болды», – делінген ресми хабарламада.