Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
179
оқылды

Филиппиннің Тагайтай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Құрлықтық турнирде Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.

Отандастарымыз юниор қыздар арасындағы командалық із кесу жарысында алтын медаль иеленді.

Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлканова көтерілді.

Екінші орынды Тайбэй құрамасы иеленсе, үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді.