Әкімшілікпен болған келіспеушілік барысында 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзіне от қоятынын айтып қорқытқан.
Қарағандыда ер адам базарда өзін өртемек болды
83
оқылды

Қарағанды қаласында ер адам базар аумағында өзін өртемек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жанжал «Горняк» базары маңында болды. Даудың шығуына саудагерге контейнерлерін алып шығуға рұқсат берілмеуі себеп болған.

Әкімшілікпен болған келіспеушілік барысында 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзіне от қоятынын айтып қорқытқан.

Оқиға орнына жедел қызметтер жетті. Полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері ер адамды райынан қайтарып, қауіпті әрекетке бармауға көндірді.

Одан кейін ол әкімдік ғимаратына жеткізіліп, қазіргі уақытта мамандар онымен жұмыс жүргізіп жатыр.