Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу рәсімінен сурет жариялап, алдағы мақсаты туралы айтты.
"Екі чемпион": Әбиба Әбужақынованың кімге тұрмысқа шығып жатқаны белгілі болды
123
оқылды

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова жеке өміріндегі жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу рәсімінен сурет жариялап, алдағы мақсаты туралы айтты.

Ол тұрмысқа шықса да, спорттағы мансабын жалғастыратынын атап өтті.

«Сырғалым атандым. Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда — 2028 жылғы Жазғы Олимпиада», – деп жазды ол.

Белгілі болғандай, спортшы дзюдошы Ермахан Ануарбековке тұрмысқа шығып жатыр. Ол – Қазақстан чемпионы, Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы және халықаралық Grand Slam, Grand Prix жарыстарына қатысқан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.