Продюсер, актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, өзі түсірген фильм алғаш рет Америка Құрама Штаттарында, Лос-Анджелес қаласында көрсетіледі.
«Америкада алғаш көрсетіледі. Жақсы тілек жазыңыздаршы. Қуанышымызда шек жоқ. Бәрімізге қуаныш қой иә, көрермендер! Арман орындалады. “Таптым-ау сені 3” Америка қазақтарының басын қосты. Гештальт жабылды», – деп жазды Дариға Бадықова.
Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, шығармашылық шабыт тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.