«1001 түн» бағдарламасында XIV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов қонақта болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Президент мемлекеттік Nуды табыстаған сәтте үлкен жауапкершілікті сезіндім. Әнұранымызды шырқатамын деп уәде бердім. Сөзімде тұрдым, жеңіске жеткенім үшін өте қуаныштымын», - дейді параспортшы.
Ербол Хамитов ел намысын абыроймен қорғағанына қуанғанын жасырмады.
«Мәреге жетіп, көзілдірігімді шешкен сәтте қалайша мен жеңдім деген ой келді. Алғашында өзіме сенбедім. Бірақ бұл төгілген тер мен еңбектің нәтижесі. Қатты қуандым», - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.