Бұл дегеніміз халықаралық академиялық кеңістіктегі ұстанымының нығайып келе жатқанын көрсетеді.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті халықаралық рейтингте көрінді
фото: баспасөз қызметінен алынды
108
оқылды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті алғаш рет QS World University Rankings by Subject 2026 халықаралық пәндік рейтингіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Университет  Agriculture & Forestry  («Ауыл және орман шаруашылығы») бағыты бойынша 351-400 аралығындағы орынға ие болды.

Бұл жетістік университеттің білім беру және ғылыми қызметінің сапасын, сондай-ақ халықаралық академиялық кеңістіктегі ұстанымының нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, білім ордасы алғашқыда үш факультеттен құрылып, кейін нститут зерттеу университетіне айналып,  солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми және оқу орталығына айналды.