Қаланы дамыту ұзақмерзімді жоспарлау құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Олардың қатарында стратегия, 30 жылдық тұжырымдамалық жоспар және қайта қарау мерзімі шектеулі 15 жылдық қала құрылысы жоспары бар.
Alatau City дербес басқару, қаржыландыру және жер пайдалану жүйесі бар ерекше мәртебеге ие болады
Фото: Primeminister.kz
141
оқылды

Құжатқа сәйкес, Алатау дербес басқарушылық, қаржылық және институционалдық ерекше режимі бар қала ретінде қалыптасады. Басқару моделі қазіргі әкімшілік басқару мен стратегиялық дамуды бөлуге негізделген. Бұл үдерісте негізгі рөлді Alatau City Authority атқарады. Ол  Үкімет құрамына кірмейтін, бірақ Премьер-министр төрағалық ететін Кеңеске есеп беретін мемлекеттік қор нысанындағы орталық мемлекеттік орган. Сонымен қатар  мәслихат пен әкімдік қаланың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі өз функцияларын сақтайды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Заң  Digital by default  («Автоматты цифрлық») қағидатын енгізуді және Алатауды жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолданатын толыққанды Smart City ретінде дамытуды бекітеді. 

Бір блок толығымен қаланың дербес қаржылық-салықтық моделін қалыптастыруға бағытталған. Алатау аумағында арнайы салықтық нормалардың басымдығы қолданылады, сондай-ақ 2050 жылға дейін немесе қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жеткенге дейін оның бюджетінен республикалық және өзге де бюджеттерге қаражат алуға тыйым салынады. Жергілікті бюджет пен мемлекеттік қор бюджетін біріктіретін шоғырландырылған бюджет енгізіледі. Бұл қазіргі шығыстар мен ұзақмерзімді даму жобаларын тұтастай қаржыландыруды қамтамасыз етеді. 

Салықтық жеңілдіктер жаңа инвестициялық жобаларға ашықтық және міндеттемелерді жария түрде ашу шарттарымен беріледі. Қосымша ретінде халықаралық стандарттарды қолдану, лицензиялауды жеделдету және бизнес жүргізу үшін жеке жағдайлар жасау мүмкіндігін көздейтін инновациялық режим енгізіледі. 

Инвестициялық саясатты іске асырудың негізгі құралы Алатаудың жер қоры болады. Жер учаскелері резиденттерге нақты инвестициялық жобаларға байланысты лицензиялар немесе шарттар негізінде беріледі. Бұл жерді даму ресурсы ретінде экономикалық айналымға тартуға мүмкіндік береді.

Қаланы дамыту ұзақмерзімді жоспарлау құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Олардың қатарында стратегия, 30 жылдық тұжырымдамалық жоспар және қайта қарау мерзімі шектеулі 15 жылдық қала құрылысы жоспары бар.

Сонымен қатар заң инвестицияларды қорғауға, кемсітусіз тәсілге және инвесторларға АХҚО соттарының юрисдикциясы мен халықаралық арбитраж арасында таңдау мүмкіндігіне кепілдік береді.