Премьер-министр Олжас Бектенов ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құруды ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол бұл туралы Шымкентте Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында айтты.
Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылыққа ие екенін, бірақ бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажеттігін атап өтті.
«ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие. Алайда бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажет. Осы ретте, жасанды интеллект базасында жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құру ұсынылады, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуға, бизнес шығындарын азайтуға және еуразиялық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.