Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізген.
Қарағандыда бұрынғы сүйіктісі мен кішкентай қызын өлтірді деген күдікті өз-өзіне қол жұмсаған
135
оқылды

Қарағанды облысында бұрынғы сүйіктісі мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Соның нәтижесінде Қарағанды қаласында болған қылмысқа қатысы бар делінген 39 жастағы ер адамның мәйіті анықталған.

Алдын ала деректер бойынша, ол өз атына тіркелген қарумен өзіне қол салған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.