Telegram-дағы 112 арнасының мәліметінше, музыкантты жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.
A’Studio тобының бұрынғы әншісі Мәскеуде ұсталды
160
оқылды

A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Темірлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Telegram-дағы 112 арнасының мәліметінше, музыкантты жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Темірлан Сәдуақасов медициналық куәландырудан бас тартқан. Кейін оны полиция бөліміне жеткізіп, әкімшілік хаттама толтырылған.

Темірлан Сәдуақасов — гитарист әрі әнші, A’Studio тобының марқұм мүшесі Бағлан Садуақасовтың ұлы. Әкесі 2006 жылы қайтыс болғаннан кейін топ құрамында орнын басқан және кейін жеке музыкалық жобасын бастаған.

Бағлан Садуақасов — A’Studio тобының гитаристі, көптеген танымал әннің авторы. Ол 1990-2000 жылдары топтың ерекше музыкалық стилін қалыптастыруда маңызды рөл атқарған. 2006 жылдың 2 тамызында Мәскеуде жол-көлік апатынан қайтыс болған.

Қазіргі оқиға қоғамда кең талқыланып жатыр. A’Studio тобының бұрынғы мүшесіне қатысты іс заң аясында қаралады.