Наркенже Серікбаева әпкесінің жомарттығына таңданысын жасыра алмай, толқып тұрғанын айтты.
Айнұр Тұрсынбаева әнші Наркенже Серікбаеваға бриллиант сыйлады (видео)
97
оқылды

Әнші Жанболат пен Жазираның ұлының тойында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші Наркенже Серікбаеваға тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Тойда Айнұр Тұрсынбаева әріптесіне ақ тілегін айтып, қолындағы бриллиант сақинасын тақты.  Наркенже Серікбаева айтыскер ақынның жомарттығына таңданысын жасыра алмай, толқып тұрғанын айтты.

«Өмір жолында, өнер жолымда жақсы адамдарды көп жолықтырдым. Жақсыдан шарапат деген, жақсылықтарын көрдім. Дана халқымыздың жақсы бір сөзі бар, жақсыға жанас, жаманнан адас деген… Сол жақсыларымның бірі де бірігейі - Айнұр әпкем. Айтыстың аңызы. Мыңдаған, миллиондаған жандарға жақсылық жасап, білгенімен бөлісіп, тамшыдай болса да талайларға қуаныш сыйлаған кең жүректі кісі. Стамбулға қаншама рет шақырып, өнерімді өрістеткен, самғауыма себепкер болған жақсы адамым! Сыйласына сырғасын, қимасына қолындағы барын бере салатын қазақтың жомарт қызы. Кешегі Алматыда өткен Жанболат-Жазира аға-әпкемнің тойында көрісіп, қуанып қалдық. Себепсіз бриллиант сыйлап, мәз қылып қойды Алла пейіліңізге берсін! Аман жүріңіз! Алла жар болсын!"- деп жазды өнер иесі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.