Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жақында екінші қызы тұрмысқа шығатынын айтты. Айтуынша, қызы жиырма екі жаста.
«Жігіт үйленуге ұсыныс жасады. Болашақ құда-құдағиларымыз алдымыздан өтеміз деп жоспарлап жатыр екен. Құлай қаласа, күтеміз. Жастардың теңін тауып, бақытты болғанын тілейміз ғой. Үлкен қызым мен екінші қызымның арасы екі жас. Әпкесінің рұқсатын алыпты. Негізі бұрын 27 жасқа дейін оқып, жұмыс істеп, аяққа тұрып алу керек деп айтатынмын. Бірақ енді бұйрық қой», - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.