Гүлайым Рахмонова Instagram парақшасында үндеу жариялап, танымал UFC файтері Шавкат Рахмоновпен ажырасуы туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұған дейін де ол ажырасатынын хабарлаған еді. Бұл жолы Гүлайым отбасындағы қарым-қатынас пен бірнеше жылға созылған жанжалға тоқталды. Сонымен қатар Гүлайым экс-жұбайының табысы туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, спортшының табысына қызығушылық танытып жүрген айналасындағы адамдар ең алдымен балалардың мүддесін ескеруге тиіс.
Ол өз жазбасында былай деді:
«Жалпы өмір деген қандай, ия?! Жау алыстан келмейді деп бекер айтылмаған... 10 жылғы өмірімнің 6 жылын мені күндеумен, мені өсектеумен күйдірген Шавкаттың шешесіне таңым бар. Қазақ болғаным үшін қалай баласы ЮФС-ден табыс әкеле бастады, мені қазақ деп күндеп, өсектеп, жамандап, "қазақтар мал" деп 2023 жылы аузына келгенін айтып ұялмай қалай қазақтың жерін басып жүр екен?! Ақыры ажырастырып, басыма түскен қиындыққа күліп ажыратып тынды.
Жегендері Шавкаттың табысы, таласқандары менің балаларымның несібесі. Мейлі, қазақ екеніме мың шүкір! Аз уақытта көп нәрселер айтылады...».