Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бірінші некеден туған ұлы мен қызы ұзақ уақыт бойы әкелерімен араласпай, реніште жүрген еді.
«Реніш артта қалды»: Тұрсын Алагөзовтің балалары әкесіне қайта табысты
167
оқылды

Бірақ жуырда олар әкесінің үйіне барып, егіз бауырлары Алиса мен Алмамен танысып, қайта табысты. Бұл сәттің видеолары әлеуметтік желіде жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еске сала кетейік, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов продюсер Баян Алагөзоваға үйленгеннен кейін, алғашқы некеден туған балалары әкесіне ренжіп, араласуды тоқтатқан еді.

Жақында олар Алматыдағы үйіне арнайы барып, бауырларымен жүздесіп, арадағы байланысты қайта жандандырды. Бұл туралы Тұрсын Алагөзов пен Баян Алагөзова әлеуметтік желіде бөлісіп, қуанышын жасырмады.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, балалардың әрекетіне ризашылықтарын білдірді. Пікірлерде «өте ақылды шешім», «бауырдан асқан жақын жоқ», «Баянның даналығы көрініп тұр!» деген жылы лебіз жазылған.