Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қостанайда бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен баланың мәйіті табылды
118
оқылды

Кәмелетке толмаған баланың хабар-ошарсыз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жедел-іздестіру  шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Гагарин бөгетіне жақын орналасқан қамыс алқабынан оның мәйітін тапты. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады.