Түркістан облысы Келес ауданында суға кеткен баланы іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Құтқарушылардың мәліметінше, ТЖМ қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар Келес өзеніне батып кеткен 8 жастағы баланы іздестіріп жатыр.
Анасының айтуынша, оқиға 23 наурыз күні сағат 17:00 шамасында болған. Бала ойын кезінде суға құлап, батып кеткен.
Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ тұрғындар мен туыстары жұмылдырылды. Жалпы саны 120-дан астам адам, 15 техника, 2 жүзу құралы және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған.
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары, полковник Асқат Ержановтың айтуынша, қазіргі уақытта іздеу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.
ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.