«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға
Қазақстанда Жер сағаты акциясы өтті
105
оқылды

Бүгін бүкіл ел бойынша «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтуде. 2026 жылы акцияның тақырыбы елімізде экотуризмнің дамуы болып жарияланды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде ғимараттардың жарықтандыруы бір сағатқа сөнді.

Естеріңізге сала кетейік, «Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарыұтандыруы сөнеді.

Қазақстан бұл шараға 17-ші рет қосылып отыр және биылғы жылы шараға еліміз бойынша 500-ден астам нысан: Ақорда резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, Тәуелсіздік сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, спорт нысандары, оқу орындары, өндірістік мекемелер және т.б. ғимараттар қосылды.

«Жер сағаты» - бұл планетадағы ең ірі экологиялық науқан. Оған дүние жүзінде 2 миллиардтан астам адам қатысады, 180 елдегі 7000 қаланың тұрғындары шараға қосылды. 2026 жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.