Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Марсель Нурланбек уулу жеңіске жетті.
Еркебұлан Тоқтар Ереванда өткен жекпе-жекте қырғыз спортшысынан жеңіліп қалды
Фото: prosports.kz
249
оқылды

Қазақстандық ММА шебері Еркебұлан Тоқтар Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турнирінде өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұл кеште қырғызстандық Марсель Нурланбек уулумен жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақта ұйымдастырылған кездесу ММА қолғаптарымен, бокс ережесі бойынша өтті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Марсель Нурланбек уулу жеңіске жетті.

Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабына тоқталсақ, қазіргі таңда оның рекорды – 11 жеңіс және 3 жеңіліс. Соңғы ММА жекпе-жегін ол өткен жылдың тамыз айында өткізіп, екінші раундта ирандық Фарзад Гадериді нокаутпен жеңген еді.

Ал Марсель Нурланбек уулу ММА-де әлі жеңіліп көрмеген спортшы. Оның еншісінде 14 жеңіс бар. Соңғы жекпе-жегінде ол 2024 жылдың тамызында өзбекстандық Фарход Эргишбаевты нокаутпен жеңген.