Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға куә болған азаматтар мен басқа да қатысушылар анықталған.
Шалқардағы жасөспірімнің өлімі: үш күдікті қамауға алынды
190
оқылды

Шалқар қаласында 17 жастағы Әлихан Жәнібектің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталып, қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға куә болған азаматтар мен басқа да қатысушылар анықталған.

«Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлерден құралған арнайы тергеу тобы құрылды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Айта кеткен жөн, 17 жастағы мектеп оқушысы жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, көз жұмған.