Оқиға Қызылкөл көлі маңында болды
Ақмола облысында жолаушылар «көктемгі тұзаққа» түсіп қалды
Видеодан скриншот
132
оқылды

Ақмола облысында Қызылкөл көлі маңында, Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде бес адам қиын жағдайға тап болды. Олардың ішінде төрт ер адам және бір бала болған. Жеңіл автокөлік қар мен лайға батып, қозғала алмай қалған.

Көктемгі еріген қар салдарынан жолдар жүруге қиын учаскелерге айналып, жолаушылар өз бетінше шыға алмаған.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, қар мен лай басқан аумақтарды еңсеріп, автокөлікті тапты. Адамдар эвакуацияланып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған, деп жазылған ресми хабарламада