Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.
Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия кубогына жолдама алды
146
оқылды

Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.

Біздің команда алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңді. Шешуші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстаннан басым түсті — 89:41.

Осылайша, Қазақстан бірінші орынды иеленіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.