Алматы қаласында жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты қауіпті оқиға тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
29 наурыз күні шақыртуға барған дәрігер мен фельдшер мас күйдегі, қолында пышағы бар ер адамның шабуылына тап болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, медицина қызметкерлері науқасты тексеру барысында күдікті адамның өздеріне қарай бет алғанын байқап, дереу бөлмеге кіріп, есікті ішінен жауып үлгерген. Олар жағдай туралы диспетчерге хабарлап, полиция келгенге дейін қауіпсіз жерде қалған.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бұл жағдайды «ұсақ бұзақылық» ретінде бағалағаны белгілі болды.
Медицина саласының өкілдері соңғы уақытта жедел жәрдем қызметкерлеріне қарсы агрессияның көбейгенін айтып, мұндай құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды талап етіп жатыр.