Оның мәйіті таңертең ерте банк бөлімшелерінің бірінің маңынан анықталған.
«Қаржылық қиындық не ойынға тәуелділік болуы мүмкін»: Таразда 35 жастағы кәсіпкер өз-өзін атып өлтірді
169
оқылды

Тараз қаласында 35 жастағы кәсіпкер Елнұр Маймақов өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның мәйіті таңертең ерте банк бөлімшелерінің бірінің маңынан анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм оқиғаға дейін танысының үйінде болған. Екі ер адам арасында қарыз мәселесіне байланысты жанжал туындаған. Кейін олар сыртқа шыққан. Оқиғаның мән-жайы толық анықталып жатыр.

Марқұмның мәйітін таңғы намазға бірге бармақ болған танысы тауып алған. Сондай-ақ ол түнде кәсіпкердің өзіне хабарласып, көңіл күйінің түсіңкі болғанын әрі көмек сұрағанын айтқан.

Оқиға орнынан тіркеуде тұрмаған травматикалық қару тәркіленді.

Полиция мәліметінше, негізгі нұсқалардың бірі  қаржылық қиындықтар мен ықтимал ойынға тәуелділік. Аталған дерек бойынша «өзін-өзі өлімге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Іс бойынша басты фигуранттардың бірі  Алмас Қырықбаев. Ол бұған дейін шетелде жасырынып жүрген жерінен ұсталған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.