Сонымен қатар республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсу ықтималдығы жоғары.
Алдағы күндерге ауа райы болжамы: температура +32 градусқа дейін көтеріледі
120
оқылды

Жақын күндері Қазақстанда күн жылынып, кей өңірлерде ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Алайда батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей уақыттарда батыста қатты жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсу ықтималдығы жоғары.

31 наурыз бен 2 сәуір аралығында күндізгі ауа температурасы:

– солтүстік-батыста +17…+26,

– солтүстікте +13…+20,

– орталықта +12…+23,

– шығыста +5…+22,

– оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32 градусқа дейін көтеріледі.

Ал батыс өңірлерде ауа температурасы керісінше +20…+25 градустан +13…+20 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.