Ол желідегі парақшасында оқырмандарға алаяқтарға алданып қалмауға шақырды.
«Сенбеңіздер!»: Жазира Байырбекованың келіні ескерту жасады
113
оқылды

Әнші Жанболат пен Жазираның келіні Асылы оқырмандарына ескерту жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол желідегі парақшасында оқырмандарға алаяқтарға алданып қалмауға шақырды. Айтуынша, қазір өздерінің атынан жалған парақшалар ашылып, лотерея ойнатылып жатыр.

"Достар, маңызды ақпарат!  Соңғы уақытта біздің атымыздан (Қазбек пен Асылы) деп, бірнеше фейк парақшалар ашылып, жалған лотереялар жүргізіліп жатыр. Біз ешқандай лотерея ұйымдастырып жатқан жоқпыз! Сондықтан белгісіз парақшаларға сенбеңіздер, ешкімнің есепшотына ақша аудармаңыздар", - деді Асылы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.