Желі қолданушылары бұл бастамаға қолдау білдіріп, әншіге денсаулық тіледі.
«Біздің дебютіміз»: Нұрғали Нүсіпжанов пен жұбайы жаңалығын жеткізді (видео)
98
оқылды

Халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов жұбайы Жадыра Сейдеш екеуі жаңа бастаманы қолға алғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші әлеуметтік желіде жұбайымен бірге подкаст түсіріп, жариялады. 

«Гастрольдік сапардан босай қалсам, кітапхана жағалайтын қазақ едім… Бұл күнде уақытымның басым бөлігін аурухана ұрлап жатыр… Өткен өмір ізсіз емес, қайткенде де сызы қалады екен… Ем-дом қабылдау өмірімнің ажырамас бір бөлігі іспетті… Оңашада адам шеті жоқ шексіз ойға беріледі… Соның тұңғиық тереңіне батпау үшін әлеуметтік желіні парақтайсың… Қысқа-нұсқа сұхбаттар шығыпты. Жадырадан сұрасам, “Подкаст” жанры дейді. Онда эксперимент жасайық деп қолқа салдым. Сөкпессіздер, бұл біздің дебютіміз. Аяқ астынан асығыс жазылды… Ұнатып жатсаңыздар, Жәкеңнің мойнына сіз болып, біз болып тағы бір жүк арқалатамыз», - дейді әнші.

Желі қолданушылары бұл бастамаға қолдау білдіріп, әншіге денсаулық тіледі.

«Денсаулық тілеймін. Өте керемет айтыпсыз. Жадыраға рақмет. Ағайды күтіп-бағып отырған! Алланың нұры жаусын!», «Ең үздік контенттер сіздердікі, сүйсініп көреміз», «Тамаша. Екеуіңіз қатты ұқсайсыздар бір біріңізге. Бірге ұзақ жасаңыздар», - деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.