Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қайғылы жағдайды жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Спортшының атасы Айтмұхан өмірден өтті. Ризабек Айтмұхан бір арманын орындап үлгермегенін жеткізді, сондай-ақ көпшілікті жақындарын бағалауға шақырды.
«Бүгін мен қанатымнан айырылдым… Айтмұхан атамнан айырылдым. Мен Олимпиадада жеңіске жетіп, сол жеңісті сізге арнаймын деп армандаған едім, Ата… бірақ үлгермедім. Жақындарыңызды бағалаңыздар, олармен көбірек уақыт өткізіңіздер. Бұл — ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын бақыт. Ата, мен сізді қатты жақсы көремін. Жаныңыз жәннатта болсын», - деп жазды Ризабек Айтмұхан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.