Ошақтың тереңдігі — 10 шақырым. Энергетикалық класы — 10.7, ал магнитудасы MPV шкаласы бойынша 5.4 болды.
Алматы маңында тағы да жер сілкінісі тіркелді
118
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан.

Сілкіністің координаттары: 44.609º солтүстік ендік, 79.709º шығыс бойлық. Ошақтың тереңдігі — 10 шақырым. Энергетикалық класы — 10.7, ал магнитудасы MPV шкаласы бойынша 5.4 болды.

Алдын ала есеп бойынша сезілу деңгейі:
– Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында — 2 балл,
– Жетісу облысы, Текелі қаласында — 2 балл,
– Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында — 2 балл.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген. Сондай-ақ 112 қызметіне тұрғындардан қоңыраулар түспеген.