Полиция департаментінің мәліметінше, азаматқа қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Полиция Алматыда танымал адвокат Молдахан Әділетханның ұсталғанын растады
159
оқылды

Алматы қаласының полициясы елдегі танымал адвокат, блогер Молдахан Әділетханның ұсталғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, азаматқа қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр»,  делінген ресми хабарламада.

Айта кеткен жөн, көпке етене таныс блогер Молдахан Әділетханның әлеуметтік желідегі парақшасына шамамен 1 миллионға жуық адам жазылған. Профилінде оның азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес беретіні көрсетілген.