Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тұғырдың ең биік сатысына Кирилл Курдиди көтерілді.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан спортшысы гит сайысында ең үздік уақыт көрсетіп, чемпион атанды. Екінші орынды Қытай өкілі Хань Се иеленсе, үшінші орын жапониялық Рето Ичидаға бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Жұмақан ұпай саны бойынша топтық жарыста және скрэтчте күміс жүлдегер атанған болатын. Ал Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мэдисон дисциплинасында күміс медаль жеңіп алса, Рината Сұлтанова жеке із кесу жарысында қола жүлдеге ие болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.