Тәшкенбай мен Суреш арасындағы жекпе-жек 4 сәуірге жоспарланған.
Санжар Тәшкенбайдың Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыласын белгілі болды
85
оқылды

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбайдың алғашқы қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Тәшкенбай жарысты ширек финалдан бастайды. Ол 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Бекзат Ергешовты 5:0 есебімен жеңген үндістандық Вишванат Сурешпен кездеседі.

Тәшкенбай мен Суреш арасындағы жекпе-жек 4 сәуірге жоспарланған.

Айта кетейік, Ұлан-Батордағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының аясында өтіп жатыр. Қазақстан бұл додаға ерлер және әйелдер құрамаларын қоса алғанда, жалпы 20 боксшыны алып барған. Турнир 10 сәуірге дейін жалғасады.