Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады.
Ынтымақтастықты нығайтуға мән беріледі
81
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақстанның Сауд Арабиясымен ынты­мақ­тастықты жан-жақты нығайтуға ай­рық­ша мән беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері, Сауд Арабиясының Премьер-министрі Мұ­хаммед бен Салман Әл Саудтың екі ел­дің сан қырлы ықпалдастығын ілге­рі­ле­туге қосқан елеулі үлесін айрықша атап өт­ті.

– Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман – шын мәнінде, жаһандық ауқымдағы мықты әрі беделді көшбасшы. Оның өз Ота­нын өркендетуді көздейтін көреген әрі прогрессивті стратегиясы, сондай-ақ ха­лықаралық тұрақтылық пен қауіп­сіз­дікті нығайту ісінде атқарған рөлі ең жоғары баға мен құрметке лайық, – деді Қазақ­стан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Сал­манды Қазақстанға мемлекеттік са­пар­мен келуге шақыратынын растады.

Файсал Әл-Кахтани өз елінің Қа­зақ­стан Республикасымен стратегиялық се­рік­тестікті одан әрі тереңдетуге бейіл еке­нін айтты. Ол жақында қол қойылған Ин­вестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім, сондай-ақ екі ел ара­­­­сында Координациялық кеңес құру тиім­ді байланыстарды жандандыруға жол ашатынына назар аударды.

Бұдан бөлек, дипломат Таяу Шығыс­та­ғы күрделі ахуалға байланысты Қазақ­стан Президентінің көрсеткен жан-жақ­ты қолдауына Сауд Арабиясы басшы­лы­ғы­ның шынайы ризашылығын жеткізді. Со­нымен қатар Қазақстанның бітімгерлік ке­ліссөздерді киелі Түркістан шаһарында өт­кізу туралы бастамасының өзекті екені­не тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың тұ­рақ­тылығын, қауіпсіздігі мен орнықты да­муын қамтамасыз ету әрекеттеріне ал­дағы уақытта да жәрдемдесуге әзірлігін, сон­дай-ақ Сауд Арабиясына және Шыға­нақ­тағы барлық елге тілектестігін білдірді.

Кездесу соңында Президент Қос кие­нің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Сал­ман бен Әбделазиз Әл Саудқа және Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхам­мед бен Салман Әл Саудқа ыстық ықыла­сы мен сәлемін жолдап, бауырлас Сауд Ара­биясы халқына бақ-береке тіледі.