Жуырда «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы отырысында мәдени нысандарға мониторинг жүргізу туралы ұсыныс айтылған еді. Осыған байланысты Партиялық бақылау комиссиясы мен филиал жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras кеңесі мониторинг өткізді.
Мәдени нысандар жаңғыртылады
78
оқылды

Мониторинг жасалған бірінші нысан Әбіш Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы болды. Нысанның алдындағы алаңға төселген кафельдердің сынық екендігі анықталып, Ақтау қалалық әкімдігіне қалпына келтіру туралы ұсыныс жолданды. Екінші нысан Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның ішкі қабырғаларының сылағы түсіп, көк­теп кеткен. Комиссия мен кеңес мү­шелері жаңбырлы күн болғандықтан төбеден аққан су тамшыларының астына қойған шелектерді көрді. Ғимарат іші толық ылғалданып кеткен.

Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма­сының және филармония өкілдері жөндеу жұмыстарын жүргізуге тендер алған мер­­дігер мекеменің жақында келіп ны­­­­санның жағдайымен танысып кеткендігін, жөндеу жұмыстары басталатындығын айтты.

Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Ислам Үсенов жөндеудің аяқталуын күтпей, нақты жұ­мыс барысы бақылауда болатындығын және арнайы мамандардың қатысатынын жеткізді.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ