Әнші бүгінге дейін сырт келбетіне, салмағына қатысты түрлі сын естіп жүргенін жасырмады.
«Неге арықтамайсың?»: Роза Әлқожа көрермен сынынан кейін өзгеруге шешім қабылдады (видео)
Фото: YouTube
94
оқылды

Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, қазіргі жоспары туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші бүгінге дейін сырт келбетіне, салмағына қатысты түрлі сын естіп жүргенін жасырмады. Сондықтан өзін қолға алып, өзгеріске қадам басқанын атап өтті. 

«Бүгінге дейін бетімді, шашымды, сырт келбетімді күтуге аса мән бермеппін. Өнерге қызмет етемін деп әрі көпбалалы ана болғандықтан балалардың қамы деп, өзімді күту мәселесін кейінге шегеріп келген екенмін. Жақында маған «Неге арықтамайсың, неге өзгермейсің?» деген үлкен хейт кетті. Бұған дейін өзімді ұмытып, шапқылап жүре берген болсам, бұдан былай спорт, сымбатымды күту деген сияқты нәрселерді қолға аламын. Нәтижесін осы парақшадан көріп отырасыздар. Адам жұртқа жағына бермей, алдымен өзіне жағдай жасау керегін енді түсіндім», - дейді Роза Әлқожа. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.