Қазақстандық семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қылыш сайысынан қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық семсерлесу шебері әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
Фото: gov.kz
99
оқылды

Бұл жүлде аталған жас санатындағы жаһандық додасының  жеке сайысы бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыстағы жолы:

1/64 финал. Тиам Кодэ (Сенегал) – 15:9
1/32 финал. Даниэль Беркезчи (Венгрия) – 15:6
1/16 финал. Мотоки Кавахара (Жапония) – 15:11
1/8 финал. Ярослав Борисов – 15:14
1/4 финал – Патурзо Гонсалес (АҚШ) – 15:13

Жартылай финалда отандасымыз қазіргі Еуропа чемпионы әрі FIE әлемдік рейтингінің көшбасшысы Фуркан Яманмен (Түркия) кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте спортшымыз 13:15 есебімен есе жіберіп, тарихи қола медальді иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.