Ел аумағында тұрақсыз көктемгі ауа райы күтіледі: жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай және желдің күшеюі байқалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК мәліметіне сәйкес.
Кей өңірлерде дауыл, бұршақ, тұман болып, дауылды ескерту жарияланды.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +19...+21°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +25...+27°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.
3 сәуірде түнде Ақтөбе облысында жаңбыр күтіледі, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
3 сәуірде күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні – 15-20 м/с.
3 сәуірде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл, дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
3 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында сақталады, облыстың орталығында, солтүстігінде күтіледі.
3 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
3 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі.
3-4 сәуірде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
3 сәуірде күндіз Ұлытау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-18 м/с.
3 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
3 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
3 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
3 сәуірде Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
3 сәуірге түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
3 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
3 сәуірде күндіз, 4 сәуірде тәулік бойы Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, батысында екпіні – 15-20 м/с.
3-5 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
3-6 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
