Жаңа формат өтініштерді тәулік бойы, демалыс және мереке күндері де қабылдауға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бірыңғай нөмірге көшу өтініштерді қабылдау жеделдігін арттыруға, жауап күту уақытын қысқартуға және қалалық сервистерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
109 байланыс орталығы қалалық инфрақұрылым, көріктендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттар бойынша өтініш қабылдайтын негізгі байланыс арнасына айналды.
Сонымен қатар тұрғындар үшін қосымша байланыс тәсілдері сақталған:
– Open Almaty әлеуметтік желілері (Instagram, Facebook, Telegram);
– өтініш беріп, оның орындалуын бақылауға болатын Open Almaty порталы;
– өтінім жолдап, мәртебесін қадағалауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша;
– Абай даңғылы, 90 мекенжайындағы жобалық кеңсе.
Осылайша, әр тұрғын өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, өтінішті онлайн немесе келіп жолдай алады.
Бірыңғай 109 нөмірінің енгізілуі – қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейту және сервистер сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
