Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
146
оқылды

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Төрехан Сабырхан кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) өткен еді.