Таеквондодан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстан таеквондо федерациясының мәліметіне сәйкес, Өзбекстан астанасында ел намысын 20 спортшы қорғайды.
Қыздар
- Шахризода Акрамова (42 келіге дейін)
- Айым Серікбаева (44 келіге дейін)
- Сұлу Абибулла (46 келіге дейін)
- Жанеля Жақсылықова (49 келіге дейін)
- Элеанора Шералы (52 келіге дейін)
- Нұрайлым Бақытжанқызы (55 келіге дейін)
- Эвелина Абдрасулова (59 келіге дейін)
- Любовь Юн (63 келіге дейін)
- Балгерім Өтеген (68 келіге дейін)
- Сабина Туртулова (68 келіден жоғары)
Ұлдар
- Сағи Мәдиұлы (45 келіге дейін)
- Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін)
- Әділет Шері (51 келіге дейін)
- Ислам Медетбай (55 келіге дейін)
- Нұралы Махмұт (59 келіге дейін)
- Мұхаммедәлі Махмұт (63 келіге дейін)
- Алидар Абдукаримов (68 келіге дейін)
- Жанайбек Шамұратов (73 келіге дейін)
- Бекзат Ғазиз (78 келіге дейін)
- Аманай Құралбаев (78 келіден жоғары)
Әлем чемпионаты 12-17 сәуір аралығында өтеді.
