Құжатқа федерацияның бас хатшысы Келбет Нұрғазина мен университет ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева қол қойды.
Қазақстанда жеңіл атлетиканы дамытуға жаңа серпін: маңызды меморандум жасалды
83
оқылды

Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құжатқа федерацияның Бас хатшысы Келбет Нұрғазина мен Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева қол қойды.

Меморандумға сәйкес, жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаттары университет базасында өтеді. Сондай-ақ ұлттық құрама спортшыларының оқу-жаттығу жиындарын осы жерде ұйымдастыру жоспарланған.

Болашақта университет қабырғасында халықаралық жарыстар өткізу мүмкіндігі де қарастырылуда. Бұл ынтымақтастық отандық жеңіл атлетиканы дамытуға, спортшылар дайындауға және мамандар біліктілігін арттыруға бағытталған.

Алғашқы жарыстар 2026 жылдың маусым айында басталады.