Баир Сиқымбаев 24 наурыз күні шамамен сағат 13:00-де үйден шығып кетіп, кейін қайта оралмаған.
«Тірі болсаң, бір хабарыңды берші...»: әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы 9 күннен бері табылмай жатыр (видео)
196
оқылды

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаев із-түссіз жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның жұбайы Ұлжан Шәріпбекова Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» радиохабарына сұхбат берді. Ұлжан Шәріпбекованың айтуынша, күйеуі Баир Сихимбаев бұған дейін бір-екі күнде байланысқа шығып, жағдайын айтып отыратын, ал қазір 9 күннен бері хабарсыз кеткен.

Баир Сиқымбаев 24 наурыз күні шамамен сағат 13:00-де үйден шығып кетіп, кейін қайта оралмаған. 

Сұхбат барысында хабар-ошарсыз кеткен жанның үй сатуды жоспарлап жүргені айтылды. Сонымен қатар «алаяқтардың құрбаны болған жоқ па екен?..» деген де күдік бар. 

Маңызды ақпарат білсеңіз: +7 777 983 7896 нөміріне хабарласыңыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.