Өнер иесі жаңа түскен келініне қатаң талап қоймағанын, керісінше еркіндік бергенін жасырмады.
«Сәлем салма, орамал тақпа»: Жазира Байырбекова келініне қандай кеңес бергенін айтты (видео)
219
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова ене болғаннан кейінгі әсерін бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жаңа түскен келініне қатаң талап қоймағанын, керісінше еркіндік бергенін жасырмады. Сонымен қатар келіннің жас кезде үйде отырмай, жұмыс істегенін қолдайтынын жеткізді.

"Келін алған керемет сезім екен. Аллаға шүкіршілік айтумен болдым. Ұлымыз туғаннан үйлендірсек деп армандадық қой. Баламыз 18-ге қалай толады, бірден үйлендіреміз дегенбіз. Ол кезде Асылы мектеп оқып жүрген екен. "Үйде орамал тақпай-ақ қой, ауылдан қонақтар келгенде тағасың. Күнде сәлем салмай-ақ қой. Басқа жақтан келгенде салсаң болады" дедім. Біз де, олар да қыдырпазбыз. Үй шаруасына да онша салып жатқан жоқпын. Қабілеті бар, 3 тіл біледі. Одан да сырттың жұмысымен айналыссын деймін. Қазыбек екеуі кәсібін істесін деймін. Үйде орамал тақса, далаға шығатын кезде шашы басылып қалады. Тақпай-ақ қойсыншы десем, папасы» жұқа орамал жоқ па» дейді. Себебі өзім де білемін ғой. Бұрын орамал таққан кезде сыртқа шығайын десең шашың жатып қалатын. Оны қайтадан жуу керек болады", - дейді әнші.

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп жатыр.

«Негізі күнделікті сәлем салған жақсы ғой. Әр сәлем салған сайын «көп жаса, бақытты бол» деп сіздер бата бересіздер. Ата-бабамыз келінге күнделікте сәлем салғызған ғой. Оның астарында үлкен мән жатыр. Ал қалған орамал тақпай-ақ қою жайлы әркім өзі біледіғой!»,  «Сіздей ене бұйырсын», «Сіз сияқты ене боламын», «Жарайсың, Жазира», «Керемет ене, түсінігі мол. Қазіргі заманда орамалға қатты қарау қажет емес секілді. Заман заманымен деген», - деп жазды оқырмандар.